ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ МАМАНЫ АТЫРАУДА ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗДІ

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия көпсалалы орталығының онкохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, бірінші біліктілік санатты іш қуысы онкохирургы, интервенциялық хирург Рауан Сейтбаев Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің базасында «Онкологиядағы интервенциялық хирургия» Мастер-класс өткізді.

Мастер-класс шеңберінде Рауан Талғатұлы химиопрепараттарды ұзақ уақыт инфузиялау үшін орталық веноздық тері астындағы порт-жүйелерді орнату бойынша алты операцияны орындады, сондай-ақ дәрігерлерді тұрақты веноздық қолжетімділіктің артықшылықтарымен және имплантацияланатын порт-жүйелермен күтім жасау және олармен жұмыс істеу жөніндегі негізгі ережелермен таныстырды. Оқу Астана, Ақтөбе, Ақтау және Атырау хирургтары үшін өтті. Айта кетейік, 2019 жылы Рауан Сейтбаев Израильде, «Sheba» медициналық орталығында интервенциялық хирургияны оқыды, сондай-ақ Германия мен Ұлыбританияда тағылымдамадан өтті.

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы порт-жүйелерді орнату бойынша Қазақстанда көш бастап тұр. Бұл әдіс онкологияда, онкогематологияда ең өзекті болып табылады, онда медициналық препараттардың ұзақ инфузиясы жүзеге асырылады. Порт жүйелері пациенттерге ұзақ химиотерапия курстарына байланысты тамыр жарақатын болдырмауға көмектеседі. Онкологиялық орталықта бір госпитализация кезеңінде науқасқа порт жүйесін орнатуға және химиотерапия жүргізуге болады.

Жалпы, онкологиялық орталықтағы интервенциялық хирургия кеңінен дамыды: КТ бақылауындағы трепан-өкпе биопсиясы, ультрадыбыстық бақылаудағы трепан-бауыр биопсиясы, ультрадыбыстық бақылаудағы ұйқы безінің жұқа инелі биопсиясы, бауырдың бастапқы ісіктері мен бауыр метастаздарының химиоэмболизациясы сияқты әдістер белсенді қолданылады.

Специалист Онкоцентра провел в Атырау мастер-класс по интервенционной хирургии - ВКО многопрофильный
Специалист Онкоцентра провел в Атырау мастер-класс по интервенционной хирургии - ВКО многопрофильный