ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ МАМАНДАРЫ КЛИНИКАЛЫҚ ТАМАҚТАНУ ТУРАЛЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында «Клиникалық тамақтану» тақырыбында семинар өтті. Спикер ретінде сарапшы дәрігер, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог, UNFPA консультанты, Қазақстан анестезиолог-реаниматологтар Федерациясының Басқарма мүшесі Евгений Меренков сөз сөйледі.

Бүгінгі таңда онкологиялық орталықтағы пациенттердің клиникалық тамақтануы емдеу процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Хирургиялық операция, анестезия, химиотерапия және сәулелік ем алған науқастарға, ағзаға иммундық жүйені қалпына келтіру және нығайту үшін күш-қуат қажеттілігі артады.

Сондықтан орталықта диетаның сапасына ерекше назар аударылады. Бұл белгілі бір хирургиялық араласулардан кейін біраз уақыт табиғи түрде тамақтануға мүмкіндігі болмаған науқастарға да қатысты. Мұндай науқастар парентеральды, энтеральды және аралас тамақтануды алады.

Семинар барысында Евгений Меренков нутритивтік қолдау жүргізудің негізгі қағидаттары, макро – және микроэлементтер бойынша қолдану мерзімі мен теңгерімділігі туралы айтып берді.

Семинарға реаниматологтар, хирургтар, химиотерапевтер, сондай-ақ паллиативтік көмек бөлімшесінің дәрігерлері қатысты.

Специалисты Онкоцентра приняли участие в семинаре о клиническом питании - ВКО многопрофильный