ШҚО КОжХО-ның анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің мамандары онкологиялық Орталықтың дәрігерлеріне пациенттерге шұғыл көмек көрсету бойынша оқыту жүргізді.
Сабақ алдағы жыл сайынғы аттестаттауға медицина қызметкерлерін даярлау шеңберінде өтті.
Оқыту барысында анафилактикалық шок, жедел коронарлық синдром, акушерлік қан кету, преэклампсия, эклампсия сияқты жағдайларда науқастарға шұғыл көмек көрсету дағдылары, сондай-ақ «Көк Код» сигналын жариялау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі пысықталды.
Орта медициналық персонал үшін де осындай сабақты өткізу жоспарлануда.