ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында емдеу мекемесі мамандарының қатысуымен 2023 жылдың қорытындысы бойынша Бақылау кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара барысында онкологиялық орталықтың директоры Гульмира Сагидуллина ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі және емдеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.

Есеп аясында онкология орталығы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша үлкен жұмысты жалғастырып жатқаны атап өтілді. Өткен жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6 маман оқудан өтті, тағы 19 медицина қызметкері түрлі мастер класстарына қатысты.
Бүгінде онкологиялық орталықта пациенттерді мамандандырылған емдеумен ғана айналыспайды, сонымен қатар хирургиялық операциялардан кейін пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту бағдарламасы басталды. Клиникада реконструктивті, пластикалық және эстетикалық хирургия белсенді дамып келеді. Мұндай операцияларды жүргізу онкомаммология, онкоурология бағыттары бойынша мүмкін болды.
Іс-шара барысында ішкі аудит қызметінен пациенттерді емдеу сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы баяндама тыңдалды. Қорытындылай келе, Бақылау кеңесінің мүшелері ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығы ұжымының жұмысын жоғары бағалады, сондай-ақ клиниканы заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырудың жоғары деңгейі, жаңа жоғары технологиялық медициналық қызметтерді енгізу бүгінгі таңда медициналық туризмнің дамуына ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.