ШҚО көпсалалы Онкология және хирургия орталығының хирург-онкогинекологы Жандос Жагниев ШҚО СЭБД басшысының орынбасары Сәуле Слямгазинамен және ШҚО ДСБ штаттан тыс бас иммунологы Иван Мещеряковпен бірлесіп баспасөз конференциясын өткізіп, адам папилломавирусына қарсы вакцинациялаудың маңыздылығы туралы айтты.
Бүгіннен бастап аймақта АПВ қарсы вакцинация басталады – онкогендік штаммы әйелдерде жатыр мойны обырының дамуына себеп болатын вирус. Вакцинация американдық «Гардасил» препаратымен алты ай аралықпен екі кезеңде жүргізіледі. ШҚО-ға осы вакцинаның 4000 дозасы келіп түсті.
Ата-аналардың ерікті келісімін алғаннан кейін 11 жастағы қыздар вакцинацияланады, өйткені жыныстық қатынас басталғанға дейін, яғни вирус жұқтырғанға дейін вакцинация алу маңызды.
– Жатыр мойны обыры – вакцина арқылы алдын алуға болатын жалғыз онкологиялық ауру. Біздің міндетіміз – облыс тұрғындары осы рәсім туралы толық хабардар болуы үшін халыққа дұрыс деректерді жеткізу, – деп атап өтті Жандос Жагниев.