«Қызғылт қазан» – сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған дүниежүзілік ай. Қазақстанда жыл сайын бұл диагнозды 4000 нан астам әйел естиді.
19 қазан күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО көпсалалы «Онкология және хирургия орталығында» сүт безінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалауға және алдын алуға арналған ашық есік күні өтеді. Бұл күні сіз орталықтың жетекші мамандарынан дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан кеңес ала аласыз.
Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ашық есік күні Потанин көшесі, 6, 2-корпус мекенжайы бойынша онкологиялық орталықтың стационарында өтеді.
Анықтама телефондары: 8(7232)489-151, 8778-003-78-45.