Төмен дозалы компьютерлік томография (ТДКТ) – бұл жоғары сезімталдықпен сипатталатын және өкпедегі патологиялық өзгерістерді ерте сатысында анықтауға мүмкіндік беретін медициналық бейнелеу әдісі, бұл сәтті емдеу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Малика Мейрманова айтып өткендей, ТДКТ арқасында дәрігерлер ісікті тіпті кішкентай мөлшерде – 5-10 миллиметрге дейін анықтай алады.
– Дәстүрлі компьютерлік томографиямен салыстырғанда төмен дозалы компьютерлік томография сәулеленудің минималды дозасын білдіреді, бұл қауіпсіз және ауыртпалықсыз процедура, – деп атап өтті Малика Мейрманова. – Зерттеу жылдам жүргізіледі, бар-жоғы бірнеше минутты ғана алады. Тәуекел тобындағы адамдарды – темекі шегушілерді, 50 жастан асқан азаматтарды скрининг үшін біз зерттеудің осы түрін ұсынамыз. Бұл дәстүрлі флюорографияға қарағанда тиімдірек деп саналады.
Еуропалық зерттеулерге сәйкес, төмен дозалы компьютерлік томографияны қолдана отырып тұрақты скрининг тиімді хирургиялық емдеу жүргізу мүмкін болған кезде I-II кезеңдердегі жағдайлардың 50-70% – обыр ауруын анықтауға мүмкіндік береді. Рентген және флюорография сияқты дәстүрлі әдістер сәтті емдеу мүмкіндігі айтарлықтай төмен болған кезде ауруды кейінгі кезеңдерде анықтайды.
– 2018 жылдан 2022 жылға дейін Онкологиялық орталықта төмен дозалы КТ әдісімен өкпе обырын скринингтеу бойынша ҚазақОРҒЗИ мен бірлесіп пилоттық жоба жүргізілді. Біз 1300-ден астам зерттеу жүргіздік және осы әдістің жоғары тиімділігін атап өттік. 2025 жылдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша төмен дозалы компьютерлік томографияны қолдана отырып, өкпе обырының скринингі басталады, – деп толықтырды Малика Мейрманова.