Іс-шараға облыстың МСАК ұйымдарының басшылары, қалалық және аудандық онкологтар, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ШҚО ӘМСҚ директорының орынбасары И.А. Степанова, ШҚО ҚР ДСМ МКҚК басшысы А. С. Кусатаева, С.Каирбекова атындағы ҰҒДСДО ШҚО филалының басшысы А.Б. Сәрсекенова қатысты.
Есептік кеңесте ШҚО штаттан тыс бас онкологы Гульмира Сагидуллинаның баяндамасы тыңдалды, бас онколог ҚР-да онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспардың индикаторларын іске асыру кезіндегі оң динамиканы атап өтті. ШҚО қатерлі ісік ауруын ерте анықтау, көзге көрінетін жерлерде аурудың ауырлығын төмендету, бес жылдық өмір сүруді арттыру бойынша республика бойынша көш бастап тұр.
Отырысқа қатысушылар халыққа онкологиялық көмек көрсетудегі проблемалық мәселелерді талқылады, сонымен қатар МСАК ұйымдарының алдына бірқатар міндеттер қойылды: сүт безі қатерлі ісігі, жатыр мойнының қатерлі ісігі, ауыз қуысы сияқты көзбен көретін қолжетімді локализациялар кезінде қараусыз қалу көрсеткіштерін төмендету, халықты скринингтік, профилактикалық тексерулермен қамтуды ұлғайту, МСАК мамандарын онкологиялық сақтық мәселелері бойынша оқыту, аудан әкімдіктерімен бірлесіп: онкологиялық сақтық және оны ерте диагностикалау бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, скринингтік бағдарламалардың қолжетімділігі, онколог дәрігерлердің тапшылығы мәселесін шешу.