Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараның мақсаты-азаматтық қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен этикасын арттыру.
Іс-шара барысында химиотерапия бөлімшесінің медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының, Онкология және хирургия орталығының Әдеп кодексінің негіздерін, сондай-ақ пациенттердің құқықтары мен міндеттерін білуге кіріспе тестілеу өткізілді.
Комплаенс офицер тестілеуден кейін қажетті түсініктемелер берді, мысалдар келтірді.
Құпия ақпарат жария етілген жағдайда туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелі және қызметкердің жауапкершілігі оны жария еткен жағдайда егжей-тегжейлі қаралды.
Химиотерапия бөлімшелерінің қызметкерлері алдына қойылған мәселелер мен практикалық мысалдарды талқылауға белсенді қатысты.
Аталған іс-шара бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді.


