ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының
Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы
«Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК
2026 жылғы 20 наурызда өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар
ХАТТАМАСЫ
Өскемен қ.
20 наурызда Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК комплаенс-офицері Е.К. Кошчибаевамен Орталықтың медицина қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған іс-шара өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс—шараның мақсаты – Онкология және хирургия орталығы қызметкерлерінің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Іс-шара барысында комплаенс-офицер Е.К. Кошчибаева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары мен қағидаларын жан-жақты түсіндіріп, сондай-ақ әрбір қызметкердің оларды сақтауының маңыздылығын атап өтті.
Әкімшілік-басқарушылық персонал мен инженерлік-техникалық персонал қойылған мәселелерді талқылауға және практикалық жағдайларды қарастыруға белсене қатысты.
Іс-шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ұғымдарын қамтитын әдістемелік материал таратылды.
20.03.2026 жыл
_______________

