ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының
Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы
«Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК
2026 жылғы 27 сәуірде өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар
ХАТТАМАСЫ
Өскемен қ.
2026 жылғы 27 сәуірде ШҚО Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Департамент басшысы Ержан Айкымбековтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа Тұжырымдамасын талқылауға арналған диалог алаңы өтті.
Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, комплаенс-қызмет мамандары мен қоғамдық белсенділер қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру мәселелері қаралды.
Қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, уәкілетті агенттікке одан әрі қарау үшін жолданатын ұсыныстар әзірледі.
Ержан Айкымбеков сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекет пен қоғам үшін басым міндеттердің бірі болып қала беретінін, ал жаңа тұжырымдама сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы болуы тиіс екенін атап өтті.
Сондай-ақ сөз сөйлегендер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, ашық диалогтың және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Аталған іс-шараға Онкология және хирургия орталығының комплаенс-офицер Кошчибаева Е.К. қатысты.
27.04.2026 жыл
_______________