Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, мүдделер қақтығысын болдырмау

2026 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Е.М. Айқымбеков пен Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, мүдделер қақтығысын болдырмау»тақырыбында дөңгелек үстел форматында кеңес өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру, мұнда маңызды бағыттардың бірі квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін ашықтыққа, заңдылыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке оқыту болып табылады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Е.М. Айқымбеков кіріспе сөзінде спикерлерді таныстырып, қатысушыларды оқыту семинарының тақырыбымен таныстырды.
Қаралды:
- Қаржылық бақылау шараларын сақтау міндетін көздеген «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ 11-бабы 9-тармағының талаптарын сақтау.
- Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлары үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі.
- Жазаның әділдігін қамтамасыз ету.
- Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»2020 жылғы 19 ақпандағы ҚР Заңы Жолдауының бастамаларын іске асыру.
- Мүдделер қақтығысы.
- Мемлекеттік қызметшілерге, депутаттарға, судьяларға және олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар беруге толық тыйым салу.
Аталған іс-шараға қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, оларды талқылауға белсенді қатысты.
«Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК оқу семинарына комплаенс-офицер Е.К. Кошчибаева, персоналды басқару қызметінің басшысы А.Б. Сайфуллина қатысты.
