НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ШҚО ДСБ Шығыс Қазақстан облыстық Көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК  2024 жылдың 5 тамыздан 3 қыркүйекке дейін аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды!

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара байланысты шаралар кешеніне, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қағидаттарына негізделеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы негізгі нормативтік құқықтық акт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде онкология және хирургия орталығының комплаенс-қызметі мыналарды басшылыққа алуы тиіс: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын; «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды (Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы «30» желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ:

  • Call-центр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы – 1424
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша полиция департаменті – 8 /7232/ 23-43-32
  • Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы – 8 /7232/ 24-32-99

Сұрақтар немесе ұсыныстар туындаған жағдайда 8/7232/700062 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз, эл. мекенжайы fin_onko@mail.kz.