Бөлімше меңгерушісі Баймұсанов Әділбек Нұрбекұлы, жоғары санатты онкохирург-уролог дәрігері
Жалпы онкохирургия бөлімшесі Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының негізгі және ірі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Қатерлі және қатерсіз аурулармен ауыратын науқастарды жоғары технологиялық жедел және кешенді емдеу жүргізуге маманданған:
Пациенттерді хирургиялық емдеу негізінде онкологиялық барабарлықтың, қауіпсіздік пен функционалдылықтың принциптері жатыр. Барлық операциялық араласулар әлемдік стандарттар мен қазіргі заманғы отандық және шетелдік ғылыми әзірлемелерге сәйкес жоғары кәсіби деңгейде орындалады.
Стандартты операциялық емдеуден басқа аралас операциялар, орган сақтау және функционалдық-тиімді араласу жүргізіледі.
Бөлімше хирургтары жоғары технологиялық хирургиялық операциялардың барлық кешенін орындайды.:
Бұдан басқа эндовидеохирургиялық операциялар жүргізіледі:
Басымдылық жоғары технологиялық, функционалдық және органқорғау операцияларын орындау болып табылады. Әрбір пациентті емдеу әдісін таңдау туралы барлық шешімдер торакальды және абдоминальды хирургтар, радиолог, химиотерапевт, рентгенолог, психолог және әлеуметтік қызметкер қатысатын мультидисциплинарлық комиссияда қабылданады.
Бөлімше меңгерушісі Ә.Н. Баймұсанов, жоғары білікті санатты дәрігер-хирург, тәжірибелі дәрігерлер мен жас мамандар операция жэасайды: Е. Т. Құсайынов, Х. Т. Өмірзақов., Мағзұмов М.Ж., Камзин К.Ж., Сейтбаев Р.Т., Ибраев А.Е.
Бөлімшенің аға мейіргері-КарповаА.С., жоғары біліктілік санатының медбикесі.