30 наурыз күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында ішектің және әйел жыныс саласының қатерлі ісіктерінің алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.
Бұл күні сіз терапевттен жолдамасыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталық мамандарының кеңесін ала аласыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.
Мекен-жайы: Потанин к-сі, 6, 1 корпус, консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана).
Барлық сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (7232) 48-91-51, +7 778 003 78 45.