Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жақында өткен әкімдік отырысында өңірдегі дәрігерлерді даярлау және ауруханаларды жарақтандыру деңгейі облыста медициналық туризмді дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жобаны Шығыс Қазақстан облысында Қазақстандағы алдыңғы қатарлы орталықтардың бірі-көпсалалы онкология және хирургия орталығы жүзеге асыра бастады.
Осыған байланысты онкологиялық орталық ұжымы Қазақстандық медициналық туризм Қауымдастығының президенті Кристина Кривецпен кездесті. Кездесу барысында осы бағытты дамытудың басым міндеттері мен тұжырымдамасы талқыланды. Онкологиялық орталықтың директоры Гульмира Сагидуллина медициналық туризмді, әсіресе ел ішінде жүзеге асыру мүмкіндігінің зор әлеуетін көріп отырғанын айтты, өйткені орталықта бірегей жоғары технологиялық диагностикалық және емдік жабдықтар, сондай-ақ білікті мамандар бар.
Өз кезегінде Кристина Кривец өзінің тәжірибесі мен сәтті іске асырылған жобаларын негізге ала отырып, қойылған міндеттерді шешуде онкологиялық орталыққа жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.