ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ЖҰМЫСЫН АШТЫ

Биыл ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы Қазақстанның онкологиялық қызметінің 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысын өткізу алаңы болып таңдалды.

Осы күндері, 19 және 20 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ өкілдерінің, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлеріндегі онкологиялық ұйымдардың басшыларының қатысуымен үлкен кеңес өтуде.

Қатысушыларға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс онкологы, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Диляра Қайдарова, ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті әлеуметтік маңызы бар аурулар кезіндегі медициналық көмек басқармасының бас маманы Айгүл Баянбердиева, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жигитаев құттықтау сөз сөйледі.

2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асырудың және нысаналы индикаторларға қол жеткізудің аралық қорытындылары туралы «ҚазОРҒЗИ» ақ стратегиялық және инвестициялық даму бөлімінің басшысы Алма Жылқайдарова айтып берді.

Өткен жылы Қазақстанда қатерлі ісіктердің 39 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталды. Қазіргі уақытта диспансерлік есепте 127 мыңнан астам қазақстандық тұр. Аурудың құрылымында сүт безі қатерлі ісігі жетекші орын алады, екінші орында – колоректальды қатерлі ісік, үшінші орында – өкпе қатерлі ісігі. Қатерлі ісіктерді ерте диагностикалауға ұлттық скринингтік бағдарламалар ықпал ететінін Алма Жылқайдарова атап өтті, және осы бағыттағы жұмысты күшейтуді ұсынды.

Отырыс барысында өңірлердің бас онкологтарының 2023 жылғы есептері тыңдалады, сондай-ақ әрбір өңірдің проблемалық мәселелері мен шешу жолдары талқыланады. Республикалық үйлестіру кеңесін өткізу шеңберінде ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары қатысушыларды онкологиялық орталықта қолданылатын онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерімен  таныстырады, сондай-ақ жинақталған тәжірибелерімен бөліседі.

В Онкоцентре открыл работу Республиканский Координационный Совет по итогам работы онкологической службы Казахстана за 2023 год - ВКО многопрофильный