2024 жылғы 29 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының ШЖҚ КМК орталықтың әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізілді.
Жалпыға бірдей оқуға қатысушылардың назарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидалары жеткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, арттыруға бағытталған мысалдар келтірілген.
Әңгімелесу барысында орталықтың комплайнс-офицері А. В. Климова іс-шара барысында туындаған сұрақтарға толық жауаптар мен түсініктемелер берді.
Орталықта 2024 жылы бұл жұмысты жүйелі негізде жүргізу жоспарлануда.