ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының онкогинекология және маммология бөлімінің меңгерушісі Серік Мұхамеджанов пен онкогинеколог-хирург Асель Қарабалаева облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған «Қазақстандағы адам папилломавирусына қарсы вакцинация» тақырыбында баспасөз конференциясына қатысты.
Жатыр мойыны қатерлі ісігі -жатыр мойны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік. Ауру Қазақстан әйелдері арасындағы жетекші онкологиялық патологиялардың бірі болып табылады және сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орында тұр. Елде жыл сайын 2000-ға жуық жаңа жағдай тіркеледі, олардың негізгі бөлігі 40-50 жас аралығындағы науқастарға тиесілі.
Аурудың себебі адам папилломавирусының онкогенді түрлері – 16 және 18 екендігі ғылыми дәлелденген. Сондықтан бүкіл әлемде жатыр мойыны қатерлі ісігінің алдын алудың ең тиімді әдісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, осы жылдың күзінен бастап 11 жасар қыздар ата-аналарының ерікті келісімі бойынша АПВ-ға қарсы екпе ала алады.
– Қазіргі уақытта Қазақстанда жатыр мойыны қатерлі ісігмен сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 14 жағдайды құрайды, – деді Серік Мұхамеджанов. – Халықаралық зерттеулерге сәйкес, АПВ-ге қарсы вакцинация қолданылатын елдерде ауруды 100 мың тұрғынға шаққанда 4 жағдайға дейін төмендетуге болады.
Жатыр мойыны қатерлі ісігі – вакцинация арқылы алдын алуға болатын онкологиялық ауытқудың жалғыз түрі.