ЖАТЫР МОЙНЫ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ: ӘР ӘЙЕЛ НЕ БІЛУІ КЕРЕК

Жатыр мойны қатерлі ісігінің -жатыр мойны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік. Онкологтар бұл ауруды алдын алуға болатын аурулардың қатарына жатқызады. Себебі жатыр мойны қатерлі ісігінің баяу және негізінен жергілікті өсумен сипатталады, ұзақ инвазивті кезеңге ие және ағза тексеруге оңай қол жетімді.

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының хирург-онкогинекологы Асель Карабалаеваның айтуынша, бүгінде Қазақстанда жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудың тиімді әдістері бар. Оларға адам папилломавирусына қарсы вакцинация және скринингтік бағдарламалар кіреді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану және ықтимал қауіп факторларын болдырмау аурудың алдын алу мүмкіндігіне де әсер етеді.

– Жатыр мойны қатерлі ісігінің диагнозы расталған пациенттердің денесінде жағдайлардың басым көпшілігінде адамның папилломавирусы (бұдан әрі – АПВ), дәлірек айтқанда оның онкогендік штамдары 16 және 18, – дейді Асель Карабалаева. – Сондықтан бүкіл әлемде жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудың ең тиімді әдісі АПВ-на қарсы вакцинация болып саналады. Вирустың ең онкогенді түрлеріне иммунитет беретін 2, 4 және 9 валентті вакциналар бар. Вакциналар ДДҰ мақұлдаған, олар Еуропа, Америка және Австралия елдерінің егу күнтізбелеріне енгізілген.

Асель Жамалбековна АПВ-на қарсы екпе жыныстық өмір басталғанға дейін жасалуы керек екенін атап өтті. Еуропа елдерінде вакцинацияны 9 жастан 11 жасқа дейінгі қыздар алады. Қазақстанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес 2024 жылғы қыркүйектен бастап АПВ-ға қарсы вакцинация да қолжетімді болады. Вакцинацияны ата-анасының ерікті келісімімен 11 жастағы қыздар ала алады.

– Профилактиканың екінші түрі-жатыр мойны қатерлі ісігің ертерек анықтауға арналған скрининг, ол Қазақстанда 2008 жылдан бастап енгізілді, – дейді Асель Карабалаева. – 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер төрт жылда бір рет тұрғылықты жері немесе тіркелген жері бойынша емханаларда скринингтен өтеді. Тұрақты тексерулер аурудың өзін ерте сатысында анықтап қана қоймай, сонымен қатар ісік алдындағы жағдайларды және жатыр мойнының басқа патологияларын анықтауға мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу және хабардар ету апталығы аясында ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні өтеді.

27 қаңтарда сағат 09.00 – ден 13.00-ге дейін барлық ниет білдірушілер Онкогинеколог-дәрігерлердің қабылдауына келіп, білікті кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге жеке куәлікті алу қажет, учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді.