АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

Кез келген адам дәрігердің жолдамасынсыз, МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан  Ашық  есік  күніне бара алады.

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында 2024 жылғы 3 ақпанда   сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін  қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.

Бұл күні сіз орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала аласыз: онкохирург, маммолог, онкогинеколог, лор-онколог, онкоуролог және онкодерматолог.

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.

Мекен-жайы: ШҚО КОжХО, Өскемен қ., Потанин к-сі, 6, 1 корпус, консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана), +7(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45.