ШҚО КОЖХО-НЫҢ МАМАНДАРЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ АЯСЫНДА ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні қарсаңында ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс онкологы, медицина ғылымдарының кандидаты Гульмира Сагидуллина журналистерге арналған брифинг өткізді, оның барысында өңірдегі онкологиялық қызметтің жұмысы туралы айтылды.

Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісіктердің 2500-ден астам жаңа жағдайы тіркеледі. 2023 жылы онкологиялық орталықта 9768 науқас емделді. 2024 жылдың басында ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығында диспансерлік есепте 13999 адам тұрады.

Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық құрылымында бірінші орынды сүт безі қатерлі ісігі, екінші орынды өкпе ісігі, үшінші орынды колоректальды қатерлі ісік алады. Асқазан мен қуық безі қатерлі ісігі сияқты аурулар да жиі тіркеледі.

Қазіргі уақытта ШҚО-да көпсалалы онкология және хирургия орталығында жоғары мамандандырылған медициналық көмек пен диагностиканың барлық түрлері көрсетіледі. Бұл химиотерапия, сәулелік терапия және диагностика, хирургия, эндоскопия, зертханалық диагностика, оңалту, паллиативтік көмек.

– Онкологиялық орталықта хирургиялық емдеудің жоғары технологиялық түрлерін көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар бар, – деді Гульмира Сагидуллина. – Операциядан кейінгі асқынулардың пайда болу қаупін едәуір төмендететін және науқастарды оңалту мерзімін қысқартатын аз инвазивті хирургия ерекше дамыды. Орталықтағы операциялардың 61%  азинвазивті әдістермен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, маммология және онкоурология профильдері бойынша реконструктивті-пластикалық хирургия белсенді енгізілуде.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық ауруларға қарсы күрестің 2023-2027 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспарын әзірлеп, бекітті, оған сәйкес ел халқына онкологиялық көмекті жетілдірудің одан әрі перспективалары айқындалды. Жоспар шеңберінде мынадай бағыттар бойынша жұмыс көзделген: тәуекел факторларының алдын алу және басқару, жоғары тиімді ерте диагностика, мамандандырылған емдеуді дамыту, паллиативтік көмек және оңалту, кадрлық әлеуетті және ғылымды дамыту.

Кешенді жоспардың индикаторларының бірі сәулелік емдеумен қамтуды арттыру болып табылады. 2023 жылдың нысаналы индикаторы 36,50% болса, ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығында бұл көрсеткіш 40,2% – ға жетті. Бұл 2022 жылы жаңа буын сызықтық үдеткішін (гамма пышақ) орнату арқылы мүмкін болды. Онкологиялық орталықтың мамандары оны мидың, бауырдың, өкпенің қатерлі ісіктері бар науқастарды емдеу үшін, сондай-ақ сүйек метастаздары үшін қолданады.

Онкологиялық бейіндегі пациенттерге мамандандырылған медициналық көмекті дамыту Шығыс Қазақстанның онкологиялық қызметінің бірінші деңгейінде жүргізілетін жұмысқа тікелей байланысты. Өңірде 25 МСАК ұйымы жұмыс істейді, онда тексеру кабинеттері жұмыс істейді, сондай-ақ онколог-дәрігерлер қабылдайды. Онкологиялық аурулардың даму болжамы анықтау сатысына тікелей байланысты, сондықтан МСАК ұйымдарының алдына халықты скринингтермен қамтуды ұлғайту міндеті қойылады, бұл қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігін, жатыр мойны қатерлі ісігін және колоректальды ісікті бұрын анықтауға арналған үш Ұлттық скринингтік бағдарлама бар. МСАК ұйымдарының халықпен тиімді жұмысының арқасында 2023 жылы скринингтер барысында дәрігерлер қатерлі ісіктердің 144 жағдайын ерте сатысында анықтай алды.

Брифинг барысында Гульмира Сагидуллина онкологиялық қызметті дамыту үшін денсаулық үшін ортақ жауапкершілікті арттыру қажет екенін еске салды. Мемлекет елдегі мамандандырылған медициналық көмекті күшейту және жаңғырту үшін жағдай жасайды, скринингтердің жаңа түрлерін енгізеді, ал халық мұндай іс-шаралар туралы білуі және оларға баруы қажет.

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні қарсаңында ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді. Бұл күні кез келген адам орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады: онкохирург, маммолог, Онкогинеколог, лор-онколог, онкоуролог және онкодерматолог. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.

Мекен-жайы: ШҚО КОжХО, Өскемен қ., Потанин к-сі, 6, 1 корпус, консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана), +7(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45.

Специалисты ВКО МЦОиХ провели брифинг  для журналистов в рамках Всемирного дня борьбы против рака - ВКО многопрофильный
Специалисты ВКО МЦОиХ провели брифинг  для журналистов в рамках Всемирного дня борьбы против рака - ВКО многопрофильный