ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ 300 ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Бүгін Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні қарсаңында ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығында Ашық есік күні өтті.

 Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары терапевттен жолдамасыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан дәрігерлерден білікті кеңес ала алды. Қабылдауды онкохирург, маммолог, онкогинеколог, лор-онколог, онкоуролог және онкодерматолог жүргізді.

 Іс-шараға 300-ден астам адам қатысып, денсаулығына назар аударды. Келушілерді 10 маман қабылдады, көрсетілімдер бойынша ультрадыбыстық және КТ сияқты зерттеулер жүргізілді. Айта кетейік, Ашық есік күні Шығыс Қазақстанның барлық МСАК ұйымдарында өтті.

– Мен онкологиялық орталықтың осындай іс-шараларды өткізетіні туралы жаңалықтарды үнемі көріп отырамын, бірақ алғаш рет өзім келуді шештім. Ал келесі жолы мен анамды шақырамын. Дәрігерлерге ыңғайлы уақытта тексеруден өту мүмкіндігі үшін рахмет, өйткені күнделікті өмірде өзіңізге уақыт бөлу оңай емес, – деп бөлісті Өскемен қаласының тұрғыны Ксения Морозова.

Онкологиялық дәрігерлер халыққа қатерлі ісіктердің алдын алудың маңыздылығын үнемі еске салады, скринингтен өтуге және уақтылы медициналық көмекке жүгінуге шақырады. Қазіргі уақытта ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығында диспансерлік есепте 13999 адам тұр. Жыл сайын қатерлі ісіктердің 2500-ден астам жаңа жағдайы тіркеледі.

– Ашық есік күні-халыққа дәрігерлерге үнемі барудың маңыздылығын еске салудың тағы бір мүмкіндігі. Біз Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында мұндай іс-шаралардың әрқашан үлкен жағымды лебізде болатынына қуаныштымыз, – деді ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығының оңалту дәрігері, Салауатты өмір салтының  үйлестірушісі Ирина Лавриненко.

Онкологиялық орталықта және МСАК ұйымдарында Ашық есік күндері тұрақты негізде өтетінін айта кетеміз.

День открытых дверей в Онкоцентре посетили более 300 человек - ВКО многопрофильный
День открытых дверей в Онкоцентре посетили более 300 человек - ВКО многопрофильный
День открытых дверей в Онкоцентре посетили более 300 человек - ВКО многопрофильный
День открытых дверей в Онкоцентре посетили более 300 человек - ВКО многопрофильный
День открытых дверей в Онкоцентре посетили более 300 человек - ВКО многопрофильный