Онкологиялық орталықта өрт кезінде әрекет ету тактикасы пысықталды

Бүгін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары ШҚО ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп өрт кезінде әрекет ету тактикасын пысықтады.

Өрт жаттығуларының сценарийі бойынша сәулелік терапия және диагностика орталығында шартты өрт ошағы табылды. Орталық мамандары «қызыл кодты» жариялады және алгоритм бойынша әрекет ете отырып, ескертуді енгізді, сондай-ақ ең қысқа эвакуациялық шығуларды пайдалана отырып, қызметкерлер мен пациенттерді эвакуациялады. Құтқарушылар өз кезегінде өрт сөндіру күштері мен құралдарын жауынгерлік орналастыруды жүргізді және шартты түрде түтін шыққан бөлмеден зардап шеккендерді шығару алгоритмін пысықтады.

– Мұндай жаттығуларды осы төтенше жағдай туындаған жағдайда дүрбелеңге түспеу үшін және үйлесімді, нақты іс-қимылдардың арқасында біздің персонал мен пациенттердің қауіпсіздігін сақтау үшін жүргізу маңызды, – деді онкологиялық орталықтың АҚ және ТЖ жөніндегі инженері Мейрамбек Дайранов.

– Сондықтан, медициналық қызметкерлердің бір-бірімен өзара әрекеттесуі қалай жақсы болса, солай жедел қызметтің қызметкерлерімен де өзара іс-қимылын жақсарту үшін, біз ШҚО ТЖД мамандарын іс-шараға шақырдық.