ШҚО көпсалалы «Онкология және хирургия орталығында» облыстың шалғай аудандарының тұрғындарын тексеру бағдарламасы жалғасуда.
Бүгін Катонқарағай ауданының 15 тұрғыны денсаулық жағдайын тексеріп, дәрігерлерден кеңес алды. Бұл акция облыс орталығынан және жабдықталған аудандық ауруханалардан алыс орналасқан ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмекті жақындатуға бағытталған.
– Чекап бағдарламасын онкологиялық орталық мамандары әзірледі. Бұл қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтауға көмектесетін диагностикалық зерттеулердің қажетті минимумы-деді онкологиялық орталықтың клиникалық-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Шолпан Нургалиева. – Бұл жалпы қан талдауы, маммография, жамбас және сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі, сонымен қатар гинеколог, маммолог және онкодерматологтың кеңесі. Көрсеткіштер бойынша біз пациенттерді өкпенің төмен дозалы КТ ға жібереміз. Айта кету керек, ШҚО КОжХО дәрігерлері аудандардағы онкологиялық қызметтің жағдайына ерекше назар аударады. Ол үшін онкологиялық орталықтың базасында мониторинг және бағалау тобы құрылды, оның мүшелері МСАК ұйымдарына консультативтік және әдістемелік көмек көрсету үшін аудандарға үнемі барып тұрады. Онкологтар скринингтік және тексеру кабинеттерінің жұмысына талдау жүргізеді, халықты қабылдауды жүргізеді, сондай-ақ қатерлі ісікке күдікті пациенттер үшін «Жасыл дәліздің» сақталуын тексереді.