ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында алдағы кәсіби мереке – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Онкологиялық орталықтың директоры Гульмира Сагидуллина облыстық және республикалық БАҚ өкілдерін келе жатқан мерекемен құттықтап, журналистердің маңызды миссияға – адамдарды сауықтыруға қатысқанын атап өтті. Журналистер дәрігерлер мен халық арасындағы көпір бола отырып, облыс тұрғындарына онкологияның алдын алу, қатерлі ісіктердің ерте диагностикасы туралы маңызды ақпаратты қарапайым тілмен жеткізеді, медицинаның жетістіктері мен емдеудің жаңа әдістері туралы әңгімелейді, Шығыс Қазақстанның онкологиялық қызметінің қызметі туралы және Онкологиялық орталықтың маңызды оқиғалары жайлы жариялайды.
Іс-шара барысында корреспонденттерге, редакторлар мен операторларға денсаулық сақтау мәселелері бойынша халықтың сауатын ашуға қосқан үлесі, Шығыс Қазақстан облысының онкологиялық қызметінің қызметіне ақпараттық қолдау көрсеткені және жоғары кәсібилігі үшін алғыс хаттар табыс етілді.