ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а. Алмагуль Кенжеханова Онкологиялық орталыққа келді


ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Алмагуль Кенжеханованың қатысуымен кеңес өтті. Кеңес барысында таңбалауды ескере отырып дәрілік заттарды қадағалауды автоматтандыруды енгізу жөніндегі жобаны іске асыру талқыланды.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізілді. Бұл өндірушіден, дистрибьюторлардан, дәріханалардан және медициналық ұйымдардан бастап пациенттің соңғы нүктесіне дейін барлық жеткізу тізбегі арқылы дәрі-дәрмектердің қозғалысын бақылаудың маңызды құралы. Міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу дәрі-дәрмек айналымының ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар тұтынушыларға сатып алынатын дәрі-дәрмектің түпнұсқалығы мен мәлімделген сапасына кепілдік береді.
Кеңес барысында онкологиялық орталықтың мамандары жобаны іске асыруға дайындығы туралы баяндады, оның артықшылықтарын атап өтті, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді интеграциялау кезінде туындаған бірқатар проблемаларды атап өтті.

Алмагуль Кенжеханова орталық ұжымы жобаға қызығушылық танытып, мамандар оны орындауға жауапкершілікпен қарағанын айтып өтті.

– Бүгін сіздердің мәселелеріңіз дұрыс көтерілді, олар көптеген медициналық ұйымдарға қатысты, біз оларды Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде шешуге тырысамыз, – деді Алмагуль Кенжеханова.