Онкологиялық орталықта 60-тан астам адам ашық есік күніне қатысты

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында 1 және 2 тамыз күндері өкпе обырының алдын алу және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күні өтті.

Бұл күндері Шығыс Қазақстан облысының 60-тан астам тұрғыны дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан Орталықтың жоғары білікті мамандарынан кеңес алды. Көрсеткіштер бойынша жеті адам кеуде мүшелерінің төмен дозалы КТ сканерлеуінен өтті.

Шығыс Қазақстанда өкпе обыры онкологиялық аурулар құрылымында үшінші орында және өлім жітім бойынша бірінші орында. Онкопатология ерте кезеңдерде түпкілікті емдеуге жақсы беріледі, бірақ бұл кезеңде ауру өзін көрсетпейді және оны тек профилактикалық тексерумен анықтауға болады. Сондықтан қазақстандықтарға жылына бір рет флюорография, рентген немесе кеуде қуысының төмен дозалы компьютерлік томографиясынан өту қажет.

Ашық есік күндері онкологиялық орталықта ай сайын өткізіледі. Мұндай іс шаралар халыққа өз денсаулығына назар аудару қажеттігін еске салады. Онкологтар облыс тұрғындарына қатерлі ісіктің алдын алу мәселесі бойынша кеңес береді, тексеру жүргізеді және қажетті ұсыныстар береді.