Жаңа оқу жылы қарсаңында ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының кәсіптік одағының өкілдері AMANAT Партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен және Senim Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағымен бірлесіп «Баланы мектепке жина» акциясын өткізді.
Акция аясында 1 қыркүйекте бастауыш сыныптарға баратын онкологиялық орталық қызметкерлерінің балаларын келе жатқан білім күнімен құттықтап, мектепке керек-жарақтарын сыйлық ретінде табыс етті. Салтанатты іс-шара ойын-сауық форматында өтті, шақырылған аниматорлар балаларға көңілді ойындар мен конкурстармен нағыз мереке ұйымдастырды.
«Баланы мектепке жинайық» акциясы ШҚО КОжХО-ның ұжымы үшін, және мүшелері Орталықтың мамандары болып табылатын Senim кәсіподағы, AMANAT партиясы үшін жақсы дәстүрге айналды. Аталған іс – шараның басым міндеті-қызметкерлерді әлеуметтік қолдау. Сонымен қатар, балалар түрлі-түсті мектеп жиынтығына қуанып, көтеріңкі көңіл-күймен мектеп табалдырығын аттауға дайындалуда.