Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара

2024 жылғы 28 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында орталықтың комплайнс-офицері А. В. Климова Орталық қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тұрақты түрде арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған дөңгелек үстел түріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізді.

Аталған іс-шараға әкімшілік-басқару персоналы мен әкімшілік-шаруашылық бөлімінің персоналы қатысты. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептері талқыланды.

Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттырудағы азаматтық қызметшінің этикалық нормалары» тақырыбында азаматтық қызметшінің этикасын сақтау мәселелері қаралды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу, нормалар мен талаптарды дұрыс қабылдау бойынша тренинг өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және арттыруға бағытталған мысалдар келтірілді және қаралды.
Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар мен қағидаттарды сақтау бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі.