2024 жылдың 14 қыркүйегінде ШҚО көпсалалы «Онкология және хирургия орталығында» әйел жыныс саласының қатерлі ісіктерінің алдын алуға және ерте диагностикалауға арналған Ашық есік күні өтеді.
Бұл күні Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек.
Онкологиялық орталықтың емханасында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Ашық есік күні стационарда өтеді.
Мекенжайы: Өскемен қ, Потанин көшесі, 6, 2-корпус, артқы жақтан кіру.
Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.