ШҚО көпсалалы Онкология және хирургия орталығында облыстың шалғайдағы ауылдарының тұрғындары үшін сауықтыру бағдарламасы жалғасуда. Осы сенбіде Марқакөл ауданының 13 тұрғыны онкологиялық орталықта кешенді тексеруден өтіп денсаулық жағдайы туралы білді.
Бұл акция облыс орталығынан және жабдықталған аудандық ауруханалардан алыс орналасқан ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмекті жақындатуға бағытталған.
Чекап зерттеулерінің тізіміне гинекологтың, маммологтың тексеруі, жалпы қан анализі, маммография және өкпенің төмен дозалы КТ, көрсеткіштер бойынша – сүт бездері мен жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі кіреді. Ауыл тұрғындары барлық зерттеулер мен тексерулерден қысқа мерзімде – 1-2 сағат ішінде өтеді.
– Біз осы бағдарламаға қатысқан тұрғындардан көптеген оң пікірлер аламыз, – дейді ШҚО КОжХО онкогинеколог-хирургі Жандос Жагниев. – Біз анықтаған зерттеулер жиынтығы онкопатологияны ғана емес, басқа ауруларды да ерте анықтауға көмектеседі. Қабылдау барысында орталық мамандары қажетті ұсыныстар береді және онкологиялық сақтық туралы ақпаратпен бөліседі.
Ауыл тұрғындарына арналған чекап бағдарламасы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп онкологиялық орталықтың бастамасымен жүзеге асырылуда. Биыл осындай акциялар Күршім, Катонқарағай аудандарының тұрғындары үшін өткізілді. Бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетті және жалғасады.