Кеше ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жигитаевтың төрағалығымен кеңес өтті, оның барысында адам папилломавирусына қарсы басталған вакцинация мәселелері талқыланды. Іс – шараға онкологиялық орталықтың маммология және гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Серик Мухамеджанов қатысты, сондай-ақ кеңеске Білім басқармасының, ШҚО СЭБД, АмБО өкілдері қатысты.
Адам папилломавирусына қарсы вакцинация – жатыр мойны обырымен сырқаттанушылықты төмендету бөлігінде өзінің тиімділігін дәлелдеген халықаралық тәжірибе. Бұл вирустың онкогендік штамдарын тудыратын ауыр дерт. Осы аптада бүкіл Қазақстан бойынша вакцинация басталды. Кеңеске қатысушылар адамдардың өз сұрақтарына толық дереккөздерден жауап алуы, сондай-ақ тексерілмеген және дұрыс емес ақпаратқа сенбеуі үшін жағдай жасау өте маңызды екенін атап өтті.
Ақпараттық компания вакцинациялауға жататын мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесулерді, мектеп директорларымен, педагогтармен, мектеп психологтарымен конференциялар өткізуді, сондай-ақ МСАК мамандарының бекітілген халықпен әңгімелесулерін қамтиды.
Айта кетейік, онкологиялық орталықтың онкогинекологтары осы іс-шараларға белсенді қатысады. Олар мектептерде дәрістер өткізеді, баспасөз конференцияларына қатысады, онда адам папилломавирусының қауіптілігі және вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігін растайтын өзекті зерттеулер туралы айтады.