2024 жылғы 5 қазанда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО көпсалалы «Онкология және хирургия орталығында» бас және мойын ісіктерін ерте диагностикалау және алдын алу бойынша Ашық есік күні өтеді.
Бұл күні Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек.
Онкологиялық орталықтың емханасында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Ашық есік күні стационарда өтеді.
Мекенжайы: Өскемен қ, Потанин көшесі, 6, 2-корпус, артқы жақтағы есіктен кіру.
Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.