Онкологиялық орталықтың мамандары сауда орталығында тағы бір акцияны өткізді

«Қызғылт қазан» – сүт безінің обыры туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған дүниежүзілік ай. Бұл күндері онкологтар тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде онкопатология құрылымында жетекші орын алатын ауыр дертке баса назар аударады.

Өскемендегі ірі сауда орталықтарының бірінде онкологиялық орталықтың мамандары әйелдермен әңгімелесті, сүт безі обырының қаупі туралы айтып, тұрақты тексерулер мен скринингтерден өтуге шақырды. Дәрігерлер 40 жасқа дейінгі әйелдерге жыл сайын сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуін, ал 40 жастан кейін екі жылда бір рет маммограммадан өтуді ұсынады. Ай сайын кеудені тексеріп отыру маңызды. Өйткені, бұл емдеудің ең жақсы нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін қатерлі ісіктердің ерте диагностикасы.