7-8 қарашада Астанада «Қатерлі ісіктерді емдеудегі заманауи үрдістер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға директор Гульмира Сагидуллина бастаған ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары қатысты.
Конференция барысында онкологиялық аурулардың алдын алу мен емдеудің маңызды мәселелері қарастырылды: ерте диагностика және скрининг, дербестендірілген тәсіл негізінде емдеудің жаңа әдістерін енгізу, онкологиялық науқастардың өмір сүру сапасын арттыру. Іс-шара аясында торакальды и абдоминальды хирургиясы, онкоурология, сәулелік диагностика және мейірбике бойынша шеберлік сыныптары өтті.
Қатысушылар жан-жақтан, әр түрлі елдерден келді. Конференцияға АҚШ, Франция, Жапония, Тайвань, Ресей және Қазақстанның онкологтары қатысты.