ШҚО КОжХО онкологтары адам папилломавирусы проблемасына арналған халықаралық семинарға қатысады

Бүгін Алматыда папилломавирусының проблемасына арналған халықаралық семинар өтті. Іс шараға ШҚО директоры Гульмира Сагидуллина бастаған көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары қатысты.

Семинар барысында АПВ-мен байланысты онкологиялық ауруларды емдеу бойынша өзекті мәселелер, хирургия мен сәулелік емдеудің заманауи мүмкіндіктері талқыланды, сондай-ақ халықаралық зерттеулер мен әртүрлі елдердің АПВ-ға қарсы вакцинациялауды қолдану тәжірибесі қарастырылды.

Спикерлер ретінде АҚШ, Испания, Дания, БАӘ, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның дәрігерлері мен профессорлары, модератор рөліне Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова қатысты.