Ашық есік күні

2024 жылғы 23 қарашада сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында өкпенің, ұйқы безінің және қуық асты безінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалауға және алдын алуға арналған ашық есік күні өтеді. Бұл күні сіз орталықтың жетекші мамандарынан дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан кеңес ала аласыз.

Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек.

Онкологиялық орталықтың емханасында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Ашық есік күні стационарда өтеді.

Мекенжайы: Потанин көшесі, 6, 2-корпус.

Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.