ШҚО көпсалалы Онкология және хирургия орталығында өкпенің, қуық асты безінің және ұйқы безінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалауға және алдын алуға арналған ашық есік күні өтті.
Облыс тұрғындары дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан жоғары білікті мамандардан кеңес ала алды. Көрсетілімдерге сәйкес дәрігерлер пациенттерді өкпенің УДЗ немесе төмен дозалы компьютерлік томографиясына жіберді. Бір күнде орталықтың онкологтары 95 адамды қабылдады.
Ашық есік күндері Онкологиялық орталықта, сондай-ақ МСАК ұйымдарында сенбі күндері өтеді, сондықтан облыс тұрғындары демалыс күндерінде дәрігерге баруға мүмкіндік алады.
-Мұндай іс-шаралар онкология төңірегіндегі қорқыныш пен стереотиптерді жоюға көмектеседі, сондай-ақ ауруларды, оның ішінде қатерлі ісікке дейінгі ауруларды ерте анықтауға ықпал етеді, халықты сауықтыруға және болашақта қатерлі ісік қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді,-деп атап өтті ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының СӨС үйлестірушісі, дәрігер-реабилитолог Ирина Лавриненко.