Онкологиялық орталықта дөңгелек үстелде медициналық туризмнің дамуы талқыланды

ШҚО көпсалалы Онкология және хирургия орталығы «Шығыс Қазақстанда медициналық туризмді дамыту: ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу алаңына айналды.

Іс-шараға директор Гульмира Сагидуллина бастаған орталық мамандары, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жигитаев, ШҚО кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Кабаков, сондай-ақ туристік фирмалардың, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің өкілдері қатысты.

ШҚО әкімдігінің денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді жоспарының арқасында облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы еліміздің жетекші медициналық алаңдарының бірі ретінде өз позициясын нығайтты. Осы бағдарлама шеңберінде 2017 жылдан бастап Орталық жоспарлы түрде заманауи жабдықтармен жарақтандырылды, ал оның мамандары шетелде оқудан өтті, бұл көрсетілетін қызметтердің деңгейін едәуір арттырып, ішкі және халықаралық медициналық туризмді дамыту үшін жаңа перспективалар ашты.

Бүгінде онкологиялық орталыққа Қазақстаннан ғана емес, көрші елдерден: Ресейден (шекаралас аудандар – Барнаул, Новосибирск, Горно-Алтай), Моңғолиядан, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан пациенттер жүгінеді. Check-up кешенді бағдарламалары және диагностика мен емдеудің бірегей әдістері, сондай-ақ қызметтің жоғары деңгейі сұранысқа ие. Гульмира Сагидуллина атап өткендей, Шығыс Қазақстан өзінің қайталанбас табиғатымен танымал және жайлы әрі қызықты демалу мүмкіндігімен озық медициналық қызметтерді интеграциялау өңірдің тағы бір бірегей бренді бола алады.

Кәсіпкерлер Онкологиялық орталықпен танысу барысында жарақтандыру, сервис және пациенттермен коммуникация деңгейін жоғары бағалады. Дөңгелек үстелде әркімнің тығыз ынтымақтастық туралы өз көзқарасын білдіруге мүмкіндігі болды. Қатысқандар, «Восток-Запад» мейрамхана-қонақ үй ауласының негізін қалаушы Мұхтар Тойбазаров, «The Forest» мейрамханасының директоры Валентина Бахтубаева, «Алтай Альпы» ЖШС директоры Александр Чиликин, «Вояж» туристік фирмасының директоры Ирина Клиновицкая және «Солнечная река» Hotel «Shiny River» ЖШС өкілі Римма Сұлтанова, медициналық туризм дамудың перспективалы бағыты болып табылады және одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге толық дайын екендіктерін білдірді.