2025 жылғы 19 наурызында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды және өткізілді

2025 жылғы 19 наурызында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды және өткізілді

Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК оқу семинарына комплаенс-офицері А.В. Климова қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты Шығыс Қазақстан облысының әрбір ұйымында комплаенс қызметін дамытуға бағытталған.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің қызметкері Г.А. Бекбаев кіріспе сөзінде қатысушыларды осы іс-шараның тақырыбымен таныстырып, оның маңыздылығын атап өтті.

Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:

  • Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметті жүзеге асыру (спикер – А.А.Ашиков)
  • ТБН-4 жобалық басқару шеңберінде комплаенс-қызметтердің міндеттерін іске асыру (спикер – Е.В.Карпова)
  • Квазимемлекеттік сектор офицерінің рөлі мен негізгі міндеттері (спикер – С.Э. Ковалев)
  • Комплаенс жүйесін құру және енгізу (спикер – В.В.Надточий)
  • Корпоративтік мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру психологиясы (спикер – Ф.В. Искендерова.

Аталған іс-шараға қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, талқылауға белсенді қатысты.