«Үміт» балалар үйіне бару-қамқорлыққа, шығармашылық пен бақытқа толы үлкен отбасына кірумен тең.

Мұндай кездесулерді Онкологиялық орталықтың қызметкерлері үнемі өткізіп тұрады, балалар оларды асыға күтіп, дайындалады. Бұл жолы да балалар өздерінің таланттары мен шеберліктерін көрсетіп, ыстық ықыласпен шын жүректен шағын концерт дайындады.
Тәрбиеленушілер қонақтарды әдеттегідей күлімсіреп қарсы алады: оларға бұл жерде жайлы екендігі, үнемі көңіл бөлінетіндігі, өздерін көрсетуге және қолдауға мүмкіндік берілгені байқалады. Бұл балалар үйінің директоры Майра Бейсеканованың, тәрбиешілердің және бүкіл «Үміт» штатының көп жылғы еңбегінің нәтижесі.

– Сіздерге келіп,сіздердің әрқашан күлімсіреп жүргендеріңізді көру біз үшін тамаша сезім, біз осы энергиядан, жалындылықтан, қуаныштан қуат аламыз, – деді Онкологиялық орталықтың директоры Гульмира Сагидуллина балаларға сөйлеген сөзінде. – Біздің барлық әріптестеріміз-дәрігерлер мен мейіргерлердің атынан – сіздерді көктемнің басталуымен құттықтағымыз келеді. Сіздерді алдыда емтихандар күтіп тұр, бірақ содан кейін демалыс басталады, жаз, жарқын күн және демалыс күтеді!