Онкологиялық орталықта «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты ашылды.

Ол біздің бастауыш партия ұйымымызда әрекет етеді және әйелдерді алға тартуға, олардың арасында көшбасшыларды анықтауға, сондай-ақ әлеуметтік саланың әртүрлі мәселелерін шешуге ықпал етеді.
«Онкологиялық орталық» БПҰ жанындағы Партиялық әйелдер қанаты – Шығыс Қазақстан облысының медициналық мекемелері арасындағы осындай алғашқы ұйым. Ол «AMANAT» партиясы әйелдер қанатының облыстық филиалының бөлімшесі болып табылады, оның құрамына ШҚО КОжХО директоры және бастауыш партия ұйымының төрағасы Гульмира Сагидуллина кіреді. Ол Орталықтың Әйелдер қанатын басқарады.
Сондай – ақ, Әйелдер қанатының мүшелері-біздің Орталықтың қызметкерлері сайланды, олар белсенді өмірлік ұстанымымен, жауапкершілігімен және бастамашылығымен ерекшеленеді.
Қатысушылардың қатарында Нургуль Утебаева, Гульжан Енсебаева, Малика Меирманова бар. Олардың барлығы ана, бала тәрбиелеп отырған, сонымен бірге жұмыста жауапты учаскелерді басқарады.
Бірінші жиналыста олар жыл жоспарларын талқылады, өз идеяларын ұсынды.
Бұл ұйым партиялық істер аясында қызметкерлерді біріктірумен, оларды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өмірге тартумен, әйелдерді кемсітуді жою мәселелерімен айналысатын болады. Мұнда олар белсенді және саяси сауатты болуды үйрене алады. Медицина мамандары, әсіресе әйелдер, ерекше қиындықтарға тап болады. Сондықтан әйелдер қанаты олардың кәсіби өсуіне, біліктілігін арттыруға және еңбек жағдайларын жақсартуға жағдай жасауға тырысады.