2025 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту» тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырып өткізді

2025 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту» тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырып өткізді
Аталған іс-шараның мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру, мұнда маңызды бағыттардың бірі квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін ашықтыққа, заңдылыққа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке оқыту болып табылады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің қызметкері Г.А.Бекбаева кіріспе сөзінде спикерлерді таныстырып, қатысушыларды оқыту семинарының тақырыбымен таныстырды.
Семинар барысында спикерлер – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік және құқықтық бөлімінің маманы Е.В. Карпова және ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі офицері С.Б. Смагулов сөз сөйледі.

Қаралды:
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын дамыту. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың міндеттері мен ішкі міндеттері (СЖТІТ). СЖТІТ жүргізу кестесі және алгоритмі. ТБН4 жобалық басқару аясында комплаенс-қызметтердің жұмыс істеуінің негізгі аспектілері. (спикер Е.В.Карпова)
• Комплаенс-қызметтердің даму кезеңдері. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау кезінде квазимемлекеттік сектор комплаенс-офицерлерінің өзара іс-қимылын үйлестіру және заманауи тәсілдер. Президенттің «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауын іске асыру шеңберінде квазимемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу (спикер – С.Б.Смагулов).

Аталған іс-шараға қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, оларды талқылауға белсенді қатысты.
«Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК оқу семинарына комплаенс-офицер А.В. Климова қатысты.
Соңында оқыту семинарына қатысушыларға ақпараттық материалдар жіберілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы плакаттар берілді.