Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – шараның мақсаты-сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауының алдын алу мақсатында онкология және хирургия орталығының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке оқыту.
Осы іс-шараға қатысушыларға онкология және хирургия орталығының комплаенс-офицері А.В.Климова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары мен қағидаттарын, сондай-ақ оны әркімнің сақтау қажеттігін егжей-тегжейлі түсіндірді.
ОАРИТ, маммология және онкогинекология бөлімшелерінің медицина қызметкерлері алдына қойылған мәселелер мен практикалық мысалдарды талқылауға белсенді қатысты.
Қорытындылай келе, жоғарыда аталған бөлімшелердің меңгерушілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ұғымдарын қамтитын әдістемелік материалдар берілді.