2025 жылғы 16-22 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облыстық «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК комплаенс офицері А.В. Климовамен құпия ақпарат жария етілген жағдайда туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қарау бойынша іс-шаралар өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты азаматтық қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен этикасын арттыруға бағытталған.
Іс-шараға әзірленген жоспарға сәйкес бөлімшелердің дәрігерлері, орта медицина қызметкерлері және кіші медицина қызметкерлері қатысты: АРҚТБ, операция бөлімшесі, онкохирургия, СЭО, онкогинекология және маммология, фармация және оңалту қызметі бөлімі, сондай-ақ IT және цифрландыру бөлімінің қызметкерлері.
Іс-шара дөңгелек үстел аясында өткізілді. Аталған іс-шара барысында слайдтар көрсетілді, мысалдар қаралды, келіп түскен мәселелер талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды көпсалалы Онкология және хирургия орталығының қызметкерлерін 100% қамтумен одан әрі жүргізу жоспарлануда.






