Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараның мақсаты-қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін факторлардың алдын алу.
Осы іс-шараға қатысушыларға Онкология және хирургия орталығының комплаенс-офицері А.В. Климова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары мен қағидаттарын, сондай-ақ оларды әркімнің сақтау қажеттігін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Іс шара барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен Онкология және хирургия орталығының Әдеп кодексінің негіздерін білуге кіріспе тестілеу өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мысалдары, оның ішінде қызметкер құпия ақпаратты жариялаған кезде қаралды. Мысалдарды қарау кезінде слайдтар мен көрнекі материалдар көрсетілді.
Әкімшілік-басқару персоналының қызметкерлері алдына қойылған мәселелер мен практикалық мысалдарды талқылауға белсенді қатысты.
Аталған іс-шара бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді.

