Қаріп өлшемі
Сайттың түсі
Суреттер

Миссиясы мен Пайымдауы

Миссиясы:

Диагностика мен емдеудің озық әдістерін енгізу арқылы сапалы және уақтылы онкологиялық көмек көрсету.

 Пайымдауы:

Ауруханалық басқарудың халықаралық стандарттарын және инновациялық медициналық технологияларды енгізу арқылы онкология саласында көшбасшылық ұстанымдарды иелену.

Қызметінің құндылықтары мен қағидаттары

ШҚО КОжХО қызметінің қағидаттары (бұдан әрі-қағидаттар) республикалық және халықаралық деңгейдегі басқа да медициналық ұйымдармен тығыз ықпалдасуда сапалы және тиімді медициналық көмек көрсету арқылы онкологиялық пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру және өмір сүру сапасын арттыру миссиясын қолдауда негізгі болып табылады.

ШҚО КОжХО алдыңғы қатарлы үлгіге айналдыру үшін қағидаттардың маңызды рөліне байланысты басшылық күнделікті қызметте ұстанымдарды қолдауға және нақты ұстануға тікелей жауапты болады..

  • Жоғары сапа мен Көшбасшылық қызметті жүзеге асыру кезінде ең жоғары деңгейге жетуге және денсаулық сақтау саласындағы озық стандарттарды сақтауға ұмтылысты көрсетеді.
  • Инновациялар мен Креативтілік қызметтің барлық аспектілерінде жаңа серпінді идеяларды жасау мен қолдануға ашықтықты, сондай-ақ кадрлардың зияткерлік әлеуетін барынша ашу үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруды көрсетеді.
  • Жауапкершілік пен Сенімділік халықтың, қызметкерлердің, мемлекеттің үміттерін іске асыруға және тұрақты дамуға бағытталған.
  • Сезімталдық пен Құрмет онкологиялық науқастар мен олардың отбасыларының физикалық, эмоционалдық, психологиялық жай-күйіне деген сезімталдық пен құрметтің көрінуін көрсетеді.
  • Адалдық пен Ашықтық мүдделі тараптар мен тұлғалар алдында ашықтық пен объективті есептілік саясатын көрсетеді.
  • Үйлесімділік және Бірлік бірыңғай мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудегі қызметтің барлық компоненттері мен процестерінің ымырасы мен жинақталуын көрсетеді