Қаріп өлшемі
Сайттың түсі
Суреттер

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ (бұдан әрі – ҚЫЗМЕТ) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес құрылған, ол медициналық қызметтердің сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аурухананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 

Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметінің қызметі директор бекіткен Ережемен реттеледі.

Қызметті директордың медициналық қызмет сапасы жөніндегі орынбасары басқарады

Мананбаева Сауле Тельмановна

ҚЫЗМЕТ ҚҰРАМЫ:

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің негізгі қағидаттары:

  • жүйелілік
  • объективтілік
  • ашықтық
  • қол жетімділік

Міндеттері:

  • Пациенттердің қауіпсіздігін, олардың құқықтары мен пациенттерді қолдауды іске асыруды қамтамасыз ету. Қызмет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы, әділеттілік, ізгілік, азаматтардың құқықтарының теңдігі қағидаттары негізінде әрекет етеді.
  • Халықтың сапалы медициналық көмекке қол жетімділігін қамтамасыз ету.
  • Пациенттердің пайда болуына қарай, оның ішінде сенім телефоны арқылы «осы жерде және қазір» қағидаты бойынша келіп түскен проблемаларды (шағымдарды) шешуге.
  • Кадрлық және материалдық – техникалық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру.
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережесін сақтау
  • Жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және жоюға бағытталған және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

Осыған байланысты, егер Сіз:

 Медициналық көмек көрсету сапасына көңіліңіз толмаса

  • Медицина қызметкерлері тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болсаңыз
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтер үшін медицина қызметкерлерінің ақша қаражатын бопсалау фактілеріне тап болсаңыз
  • Сондай-ақ, егер сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелермен бетпе-бет келсеңіз, сіз пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге құқылысыз.

 Сіз клиниканың әрбір қабатында орналасқан «Шағымдар мен ұсыныстар жәшігінде» сіздің байланысатыныңызды (аты-жөні, телефоны, мекенжайын) көрсете отырып, өзіңіздің жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз, оnko_2009@mail.ru электрондық мекен-жай бойынша хабарласа және қалдыра аласыз: Сондай-ақ сіз ауызша түрде сенім телефондары арқылы хабарласа аласыз: 74 – 26 – 76; ұялы +7 777 316 25 32