ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының онкогинекология және маммология бөлімшесінің меңгерушісі Серик Мухамеджанов, сондай-ақ онкогинеколог хирург Жандос Жагниев Өскемен емханаларында жатыр мойны қатерлі ісігін ерте диагностикалау және адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша көшпелі кездесулерін жалғастыруда. Іс-шаралар Дүниежүзілік жатыр мойны қатерлі ісігі туралы хабардар болу апталығына арналған.
Сәрсенбіде дәрігерлер Меновное кентіндегі дәрігерлік амбулаторияға және №1 қалалық емханаға барып, медицина қызметкерлерімен және тіркелген тұрғындармен кездесті, Қазақстанда өткізілетін жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар туралы айтты. Онкологтар осы жылдың күзінде бүкіл республика бойынша енгізіліп жатқан адам папилломавирусына қарсы вакцинация тақырыбына толығырақ тоқталды. Вакцинация-жатыр мойны қатерлі ісігінің алғашқы алдын алудың жалғыз әдісі, өйткені аурудың себебі адам папилломавирусының онкогенді түрлері – 16 және 18.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес 11 жасар қыздар ата-аналарының ерікті келісімі бойынша АПВ вакцинасын тегін ала алады. Болашақта бұл жатыр мойны обырының жиілігін едәуір азайтады.
Кездесуге қатысқан медицина қызметкерлері өзекті тақырыпқа қызығушылық танытып, қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Онкологиялық орталық мамандарынан алынған мәліметтер негізінде учаскелік дәрігерлер бекітілген халыққа вакцинация туралы ақпаратты түсіндіре алады.
Дүниежүзілік жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу және хабардар ету апталығы аясында ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығында Ашық есік күні өтеді. 27 қаңтарда сағат 09.00 – ден 13.00-ге дейін барлық ниет білдірушілер Онкогинеколог-дәрігерлердің қабылдауына келіп, білікті кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге жеке куәлікті алу қажет, учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді.